6.10.2024, 10:48
Оқылды: 98

«Ерте тұрып таңдауымды жасадым» – ауыл тұрғыны

Еліміз бойынша өтіп жатқан референдум Жалпақтал ауылында да өз кезегінде басталды. Оған ауылдың ардагер тұрғыны ретінде референдум өтетін учаскелік комиссиясына ертемен барғанда куә болдым. Үлкен кісі болғасын шығар ауылдастарымның арасынан №254 учаскелік референдум комиссиясында бірінші болып таңдау жасадым. Жалпы әр адам сайлау болсын, референдум болсын конституциялық құқығын заңды түрде толығымен пайдаланып, өз таңдауларын жасағандары абзал. 

сайлау 2024 картинка (1)

Еліміз бойынша болып жатқан саяси өзгерістерге салқын қарамай, азаматтық белсенділік танытып, таңдауымызды жасауымыз керек.

Қазақстанымыздың болашағы жарқын болсын, - дейді Жалпақтал ауылының тұрғыны, тыл ардагері Бисенғали Айтжанов.

Қыдыр Харесұлы

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале