Қол күресінен 13-18 наурыз аралығында Алматы облысы Талғар қаласында өткен ҚР чемпионатында жерлестеріміз жеңіс тұғырынан көрінді.
Аталмыш чемпионатта 17 облыстан 1000-ға тарта құрыш білектілер бақ сынауда.
Батыс Қазақстан облысы құрама сапында қатысқан қаратөбелік Ержан Ерболатұлы жастар арасында 55 келі салмақ дәрежесінде ҚР чемпионы атанып, әлем және Азия чемпионатына жолдама алса, жастар арасында қыздардан 50 келі салмақ дәрежесінде Айгүл Орынбасарова сол қолдан ІІІ орын алып, Азия чемпионатына жолдама алды.
Аталмыш спортшылардың жаттықтырушысы "Қол күресі" үйірмесінің жоғары санатты жаттықтырушысы және ұлттық спорт төрешісі Нұрқат Нысанов.
Маралбек Амантаев,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz