Ауданымызда Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес ауылдық округ әкімдерінің халық алдындағы есеп беру жиындары басталды.

Осы орайда, аптаның бірінші күнінде Сегізсай, Алмаз, Ақшат және Қарағаш ауылдарында өткен есептік кездесулерге аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова қатысты. Әр ауылдық округ әкімдері өздері басшылық ететін өңір бойынша өткен жылы жүзеге асқан жұмыстарға есеп беріп, алға қойған мақсаттарын ортаға салды.
Кейін сұрақ-жауап форматында өткен жиын барысында тұрғындар тарапынан жарық шамдар орнату, қараусыз иттерді жою, көктемгі су тасқынының алдын алу, медицина саласының материалдық жағдайын көтеру тектес сұрақтарға аудан әкімі Әлия Биғазықызы және округ әкімдері, тиісті мекеме басшылары жауап берді.
Әр ауылдық округте өткен есептік жиыннан соң тұрғындар жеке мәселелерімен аудан әкімінің қабылдауылда болып, өздерін толғандырған сұрақтарына толыққанды жауап ала алды.
Аман Сағи,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz