1.02.2022, 18:20
Оқылды: 59

Есептік кездесулер басталды

Шыңғырлау ауданында ауылдық округ әкімдерінің халық алдындағы есеп беру жиындары басталды. Ақпанның алғашқы күнінде Сегізсай, Ақсуат, Қайыңды және Шоқтыбай секілді шағын елді мекендерден басталған есептік кездесулерге аудан әкімінің орынбасарлары А.Бисембаев пен Д.Абдрашитов  қатысты. Аталған ауылдың әкімдері өткен жылы атқарған жұмыстарын қорытындылап, тұрғындар алдында есеп берді.

1 Сайтта 1бетке осы фото қойсаңыз (1)

Кездесулерге ауыл тұрғындары, мекеме, ұйым басшылары, еңбек ардагерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Сегізсай ауылында өткен жиында Алмаз ауылдық округінің әкімі Сағындық Қалниязов 2021 жылғы атқарылған жұмыстарға шолу жасай келе, 2022 жылға арналған негізгі міндеттер туралы баяндады. Жалпы округ бойынша 30 шаруа қожалығы, 1 ЖШС және 2 ауылдық тұтыну коорперативі, 6 жеке кәсіпкер тұрақтыжұмыс жасауда. Қысқы мал азығын дайындау жоғары деңгейде жүргізіліп, бекітілген жоспар 113 пайызға орындалған. Округ әкімінен кейін учаскелік полиция инспекторы Жазықбаев Бейбіт қоғамдық тәртіп туралы қысқаша баяндады.  Соның ішінде Сегізсай ауылы бойынша жағдай тұрақты, өткен жылы еш қылмыс тіркелмегенін айтып өтті. Өз кезегінде Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары Азамат Бисембаев жыл бойына аудан көлемінде тындырылған жұмыстарға кеңінен тоқталып, алға қойылған нақты міндеттермен бөлісті. Жиын соңында ауыл ақсақалы Зарлық Сүйіндіков көтерген  тозығы жеткен электр желісін қайта жөндеу мәселесіне аудан әкімінің орынбасары Азамат Тәңірбергенұлы тиісті жауабын берді.

IMG-20220201-WA0076

Сегізсай ауылынан бастау алған есептік кездесу Қарағаш ауылдық округіне қарасты  Ақсуат және Қайынды ауылдарында жалғасты. Қарағаш ауылдық округінің әкімі лауазымына сайланғанына екі ай ғана болған Мерхан Жумиев өз баяндамасында бұған дейін округ көлемінде атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталып, болашақ жоспарларымен бөлісті. Жиын соңында ауыл тұрғындары аудан әкімінің орынбасарына, тиісті мекеме басшыларына сауалдарын жолдап, тұшымды жауап алды.

Дәл осындай есептік кездесу Шыңғырлау ауылдық округінің Шоқтыбай ауылында өтіп, округ әкімі Әділ Қаражанов  округ бойынша 2021 жылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы  баяндап, өткен жылдың табысты аяқталғанын айтты. Соның ішінде 62 түтіні бар шағын Шоқтыбай ауылы үшін табысты жылдардың бірі болғанына тоқталып, ауылда ұялы байланыс оң шешімін тауып, енді өткен жылы басталған таза ауыз су өткізу жұмыстары биыл аяқталатынын, көшелердің жарықтандырылғанын, мал санының артып отырғанын, ауылға көшіп келушілердің саны артып отырғанын тілге тиек етті. Сонымен мал басына қатысты соңғы жаңалықтар жөнінбе  АШӨК басшысы Нұрлыбек Қалиев баяндама жасаса, Сайфетдинова Резида орман шаруашылығы аймағына мал жаю мәселесін көтерсе, шекара бөлімінің офицері Изманбетов Айдар шекаралық аймаққа қатысты талаптармен бөлісті.

Жас маман Э.Ахметова Шоқтыбай ауылында жас мамандарға үй беру немесе жаңадан  үй салу, ал ауыл тұрғындары А.Байкиев пен Қ.Кенжеғариев Шыңғырлау-Шоқтабай бағытындағы жолды жөндеу және ауылға мал дәрігері қажеттігі мәселелерін көтерді.

IMG-20220201-WA0081

Жиын соңында көтерілген мәселелерді Дархан Абдрашитов егжей-тегжей түсіндіріп, тиісті жауабын қайтарды. Сонымен қатар жыл бойына аудан көлемінде атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады.

Осы тектес есептік кездесулер Шыңғырлау ауданының барлық елді мекендерінде жалғасын табатын болады.

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале