Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Шыңғырлау ауданы Ақтау, Ардақ ауылдарында есептік кездесу жиындары өтті. Кездесуге аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова, ауыл тұрғындары, мекеме, ұйым басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Ақтау ауылдық округінің әкімі Мұрат Тасболатов пен Ардақ ауылдық округінің әкімі Саида Бркенова үш ай көлемінде атқарылған жұмыстарға шолу жасай келе, 2022 жылға арналған негізгі міндеттер туралы баяндады.
Есептік кездесуде ауыл тұрғындары мал бағымы, көктемгі су шайған көпірлерді жөндеу, асфальт жол салу, жер мәселесі т.б. сұрақтар қойып, тиісінше жауап берілді.
Әр ауылдық округте өткен есептік жиыннан соң тұрғындар жеке мәселелерімен аудан әкімінің қабылдауылда болып, өздерін толғандырған сұрақтарына толыққанды жауап ала алды.
Б.Баймағамбетова,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz