Кестелік тәртіпке сәйкес бүгін есептік кездесу Қарағаш ауылдық округінің Ақсуат ауылында өтті. Кездесуге Шыңғырлау ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова, ауыл тұрғындары, мекеме, ұйым басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Қарағаш ауылдық округінің әкімі Мерхан Жумиев өз баяндамасында І тоқсан бойынша округ көлемінде атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды. Мерхан Манасұлы өз сөзінде бүгінгі таңда ауылдық округ көлемінде 32 шаруа қожалығы, 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және 2 ауыл шаруашылық өндірістік кооператив жұмыс істейтінін хабарлады. Оның айтуынша округте мүйізді ірі қара малының саны – 6773, қой мен ешкі - 3137 бас, жылқы - 991 басқа жеткен және өткен жылмен салыстырғанда барлығынан өсім байқалады дейді.
Есептік жиында ауыл тұрғындары ұялы байланыс орнату, жолдарды жөндеуден өткізу секілді мәселелерді көтерді. Осы орайда, тұрғындардан түскен ұсыныстарды аудан басшысы сараптай келе, көтерілген мәселелердің шешілу жолдары аудан бюджетінің мүмкіндігіне қарай қарастырылатынын баса айтты.
Аман Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz