1.10.2024, 14:45
Оқылды: 15

«Есімі ел есінде сақталады»: Молдаш Қаналиевтің туғанына 100 жыл толды

Сырым ауданының Алғабас ауылында Ұлы Отан соғысының ардагері, «Сырым ауданының құрметті азаматы» Молдаш Қаналиевтің 100 жылдығына арналған «Есімі ел есінде сақталады» атты еске алу кеші өтті.

7FE654A9-B884-47F6-A00A-105C3127794F

Аудан, облыс, республикаға кеңінен танымал, халқының зор ықыласына бөленіп, еңбектегі ерен жетістігі үшін «Ленин», «Октябрь революциясы», «Даңқ», «Ұлы Отан соғысы», «Еңбек Қызыл ту» ордендері, Республика Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасының иегері Молдаш Қаналиевтің 100 жылдығына арналған жиында аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Сырым ауданының, Орал қаласының құрметті азаматы Мақсот Берген, Еңбек және мемлекеттік қызмет саласының ардагері, Сырым ауданының құрметті азаматы Есберген Әжібаев, Еңбек ардагері, рулас інісі Мереке Гусманұлы, Еңбек ардагері Жанғали Иманғалиев және ардагер ұстаз, Жосалы ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Сырым ауданының құрметті азаматы Асан Жүсіпов қатысып, сөз сөйледі.

Аталған шарада қазақстандық оқу-ағарту ғылым және жоғарғы білім қызметкерлерінің «Кәсіподақ ардагері» медалімен зейнеткер ұстаз Базарбай Қанатов марапатталды. Оған қоса Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Құрмет» грамотасымен және Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының алғысхатымен бірқатар тәжірибелі мұғалімдер марапатталды.

36AACD12-73AB-41CF-A5C3-D8BFBA976E52

Елі үшін еңбек еткен ауданымыздың құрметті азаматының 100 жылдық мерейтойы қарсаңында қоғам қайраткері, айтулы тұлғаның көзін көрген адамдармен отбасылық мұрағаттағы деректер, Молдаш Қаналиевтің еңбек ету жылдарындағы баспасөз беттеріне жазған жарияланымдары мен өзі туралы мақалалар, очерктер, арнау өлеңдері енгізілген «Өмірі ұрпаққа өнеге» атты кітабы жарық көрді. Тек өз мақалалары ғана емес, соғыс және еңбек майданы ері туралы әріптестерімен қатар қазақ жазушыларының да очерктері, өлке ақындарының арнаулары енгізілген кітаптың тұсауын немерелері Мұрат Қаналиев, Қ.Ерлан және Молдаш Қаналыұлының қызы Сәния Молдашқызы кесті.

Қоңдыкер Елеуов

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале