19.03.2023, 10:05
Оқылды: 65

«Есімім Сайлау болғасын»

Ақжайық ауданының орталығындағы №1 орта мектеп ғимаратында орналасқан №24 сайлау учаскесінде ала таңмен дауыс беруге келгендердің қатары қалың. Мұнда ең бірінші болып осы учаскеге тіркелген ауыл тұрғыны Сайлау Досмағамбетов өз таңдауын жасады.

FB_IMG_1679195674436
– Мен отбасыммен бірге жыл сайын алғашқылардың қатарында дауыс беремін. Азан шақырып қойған есімнің өзі Сайлау болғасын, сайлаудан қалуға болмайды. Биыл да жолдасым Мәншүк екеуіміз сол әдеттен танбадық. Елімізде ауылда да, қалада да жағдай жақсы, жұмыс істеймін, білім аламын деген жанға еш кедергі жоқ. Аспанымыз ашық, ұйқымыз тыныш. Осыдан артық қандай бақыт керек. Балаларымның болашағы, елімнің келешегі үшін әр адамның даусы маңызды. Сондықтан бүгін әр ауылдасымызды саяси сәттен тыс қалмай, өз таңдауын жасауға шақырамын, – деді ол.

FB_IMG_1679195671425
Комиссия атынан ең бірінші дауыс берген адам ретінде С.Досмағамбетовқа сыйлық табыс етілді.
Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Жанна Нұржанованың айтуынша, бұл учаскеде электораттың белсенділігі аса жоғары. Дауыс беру құқығы бар 1750 адам тіркелсе, осыған дейінгі сайлау науқандарында олардың 90 пайыздан астамы дауыс берген.

FB_IMG_1679195668408
Азамат Қанапия,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале