18.04.2018, 11:12
Оқылды: 51

Есірткі сақтаған ауыл тұрғыны ұсталды

Жәнібек ауданындағы «Допинг» жедел алдын алу шарасы кезінде Жәнібек ауылының тұрғыны С. есімді азамат ұсталды. 

Аудандық ішкі істер бөлімінің криминалды полиция бөлімшесінің жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Амандық Жақсығалиевтің айтуынша, тексеру барысында ұсталған азаматтың газетке оралған, жасыл түсті, өткір иісі бар, жабайы сораға ұқсас өсімдікті өткізу мақсатынсыз иемденіп, сақтағаны анықталған.

Сот сараптама қорытындысына сәйкес аталған зат жабайы сорадан кептірілген марихуана болып табылып, С. есімді азамат аудандық соттың үкімімен 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

                                                                                         Н.Өтей

Жәнібек ауданы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале