17.03.2023, 15:45
Оқылды: 70

Еске алу кеші өтті

Бүгін рухани орталық ғимаратында Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен кітапхана саласында біраз жыл еңбек еткен Роза Мұтақанқызы Аманованы еске алуға арналған «Әріптес туралы бір үзік сыр» атты кеш өтті.

IMG_9422

Шараға аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы  Данял Танзенов, Роза Мұтақанқызының туысқандары, замандастары, әріптестері, бала-келіні Жалғас Тасқалиұлы пен Эльмира Тасқали келіні және немерелері қатысты.

IMG_9440

Кеш шымылдығы аудандық кітапхананың музыка сүйемелдеушісі Талғат Бисенғалиевтің орындауындағы «Өмір жалған-ай» әнімен түрілді. Шараны аудандық кітапхананың директоры Дина Мукашева жүргізді. Содан соң 30 жыл өзінің іскерлік және ұйымдастырушылық қабілетімен бір орында қызмет атқарған Роза Аманованың өмірбаяны мен еңбек жолынан құрылған кітап көрмесіне шолу  жасалды. Одан кейін аудан әкімінің орынбасары А.Нұрғалиқызы сөз алып, Р.Аманова туралы естеліктер айтып, жылы лебізімен бөлісті. Еске алу кешінде бұрын кітапхана басшысы болған Балдай Әліпқызы мен туған апасы Күләнда Мұтақанқызы Р.Аманованың адамгершілік қасиеттерін айтып, естеліктермен бөлісті.

Артында қалған жалғыз ұлы Жалғас келген жұртқа алғысын айтып, ана есімін ұмытпай, дәріптеп жатқан кітапхана ұжымына ризашылығын білдірді.

Кітапхана ісінің майталманы болған жанның қасиетті жұмадағы еске алу кешінен соң коворкинг залында бала-келіні анасының рухына құран бағыштап, дастархан жайды.

Ару Айдын,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале