Республика күні мерекесі қарсаңында Казталов ауданына қарасты Бірік ауылдық округінде 1989 жылы туған азаматтардың ұйымдастыруымен өмірден өткен Ерғали Ақболатов пен Роман Наукешовты еске алуға арналған волейболдан турнир ұйымдастырылды.
Турнирге ауыл тұрғындары, марқұмдардың ата-аналары, туыстары және құрдастары қатысты.
Жарысқа Казталов ауданының Бірік, Казталов, Ақпатер, Қарасу, Бостандық ауылдарының командалары қатысып, жоғары деңгейде ойындарын көрсетті.
Тартысты өткен турнир қорытындысы бойынша 1 орын Бірік командасы, 2 орын Ақпатер, 3 орын Казталов командалары иеленді. Жарыста орын алған командаларға алғысхат, медаль және ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
Ерғали Ақболатов пен Роман Наукешовтың құрдастары марқұмдарға құран бағышталып, дастархан жайылып, ас берді.
Нұр Рахман,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz