3.04.2024, 16:45
Оқылды: 66

Еске алу турнирі ұйымдастырылды

Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде белгілі шахматшы, облыс чемпионы Мақат Мұшағалиев пен оның қарындасы, аудан спортының дамуына зор үлес қосқан Ардақ Мұшағалиеваны еске алуға арналып, шахмат және дойбыдан Ақжайық аудандық ашық турнир ұйымдастырылды.

IMG_9809

Мақат Жолдаспайұлы Чапаев ауылында дүниеге келген. Орал қаласындағы ауыл шаруашылық институтын үздік аяқтап, жылдар жүзінде ауданның ауыл шаруашылық саласында жұмыс істеді. Сонымен қатар шахмат ойынына ерек көңіл бөліп, түрлі сайыстарға қатысып, аудан намысын қорғаған. Аудан, облыс жарыстарының бірнеше мәрте жеңімпазы атанды. Ардақ Мұшағалиева да өз ісінің білікті маманы, талай жыл аудандық білім бөлімі және мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінде абыройлы қызмет атқарды. Ардақ Жолдаспайқызы дойбыдан аудандық мемлекеттік қызметшілер құрама командасының сапында болып, жеңіске жетеледі.

Жарыстың ашылу салтанатына олардың апасы Қапиза Мұшағалиева, ағалары Сыйлыбай Есенбайұлы, Бекет Жолдаспайұлы қатысып, ұйымдастырушыларға алғыс арнап, спортшыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ ардақты жандармен әріптес болған Жұбан орталығының меңгерушісі Гүлбану Құлмұханова және аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Максим Үмбеталиев те сөз сөйлеп, естеліктерімен бөлісті.

Сонымен тартысты және қызықты өткен сайыстың нәтижесі келесідей.  Шахматтан 40-55 жас аралығында Мүслім Еркінғалиев І орын, Думан Хамзин ІІ орын, Қазбек Медеуов ІІІ орын, 55 жастан жоғары Болат Жұмағалиев І орын, Асхат Шанаев ІІ орын, Ерлан Құсайынов ІІІ орынға ие болды.

Ал дойбыдан ерлер арасында Асхат Бисенов І орын, Аслан Жұмағұлов ІІ орын, Сәкен Әбілқайыров ІІІ орыннан көрінсе, әйелдер арасында Надежда Кенеева І орын, Жанар Ғұмарова ІІ орын, Юлия Кадрова ІІІ орынды қиеленді.

Айжан Ақыл,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале