24.09.2025, 18:00
Оқылды: 104

Ескендірдің әндері-ай

Бәйтерек ауданы, Дариян ауылында ҚР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті әнші-композитор Ескендір Хасанғалиевтің 85 жылдық мерейтойына арналған «Ән – ғұмыр, ән – тағдыр» аудандық концерт-фестивалі оздырылды.

IMG-20250924-WA0005

Кештің мақсаты – ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан сазгердің шығармашылығын кеңінен насихаттап, оның өміршең туындылары арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке, өнерге және мәдени мұраға құрметпен қарауға тәрбиелеу .

«Өмір – дастан» атты бейнероликпен ашылған кешке ауданымыздың 13 ауылдық округынан өнерсүйер қауым келді. Яғни сахнаға түрлі сала өкілдері, атап айтқанда мұғалім, мемқызметкер және өзгелері жанды дауыста сазгердің белгілі әндерін орындап, көрермен ықыласына бөленді. Бұл кеш – әуесқой өнерпаздардың басын біріктірген, шығармашылық пен халықтық рухтың тоғысқан өнер мерекесі болды десек артық айтқандық емес.

IMG-20250924-WA0004

Іс-шара соңында сөз алған Дариян ауылдық округінің әкімі Тілек Кәкенов фестивальді ұйымдастырған мәдениет үйі қызметкерлеріне, әр округтан келген әуесқой әншілерге және демеушілерге алғыс білдіріп, барлық қатысушыға алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады.

IMG-20250924-WA0000

Ауыл тұрғындары атынан сөз алған Абай атындағы мектеп-гимназия-интернатының  директоры Шолпан Өмірзақова мерейтойлық концерттің жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, жақсы өнер көрсеткен әуесқой әншілерге шығармашылық табыс тіледі.

 

Балым Ниетова,

Бәйтерек ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале