5.01.2023, 17:45
Оқылды: 41

Ескі канал қайта жаңартылды

Өткен жылдың тың жаңалықтарының бірі – Казталов ауданына қарасты Жаңажол ауылдық округіндегі Кеңес үкіметі кезінде қазылған ескі канал қайта қазылып, жаңартылуы. Бұл канал арқылы Қараөзеннен Көмекші, Сакрыл елді мекендеріне су айдалмақ. Канал жөнінде Жаңажол ауылдық округінің әкімі Арман Алдабергенов мәлімет берді. 

photo1672921697 (3)

– Каналдың бастауы Қараөзеннен басталады. Каналға Мәнти бөгетін ашу арқылы су айдау жұмысы жүргізілді. Жалпы каналды қайта қалпына келтіру үшін жергілікті бюджеттен 4 млн 285 мың теңге қаржы бөлінді. «ДиасХолдинг» ЖК қазған каналдың жалпы ұзындығы 4 шақырым 500 метрді құрайды. Канал желтоқсан айында пайдалануға берілді. Ағымдағы жылы Қараөзеннің арнасы толысқан шақта канал арқылы Көмекші, Сакрылге су айдау жоспарымызда бар. Сонымен қатар, «Сакрыл» суландыру жүйесі арқылы Сатыбалды ауылына және өзге де елді мекендерге су жеткізіледі, - деді округ әкімі.

photo1672921697 (4)

Тіршілік көзі судың малға да, адам баласына да пайдасы мол. Канал арқылы келген суды елді мекен тұрғындары, шаруа қожалықтар пайдалана алады. Сондай-ақ, «Сакрыл» суландыру жүйесіне құятын канал суы шабындықтардағы өнімнің мол шығуына да септігін тигізер деген үміттеміз.

Бекарыс Әбіш,

Казталов ауданы 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале