Жуырда аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысы және прокуратура саласының ардагері Иван Гапичтің 100 жылдығына орай 8-10 сынып оқушылары арасында аудандық "Өнегелі ғұмыр" тақырыбындағы эссе байқауы өткен болатын.

Аудан прокуроры Сәкен Молдашев жарысқа қатысқан оқушыларға ақжарма тілегін жеткізіп, жеңімпаз оқушыларға өз атынан диплом табыстады. Жарыстың қорытындысы нәтижесінде Жұлдызай Сайын (Т.Жароков атындағы орта мектеп) 1-орын, Ақерке Дауылбай (Ө.Сахипов атындағы орта мектеп) 2-орын, Айшабибі Сәрсентайқызы (Ғ.Қараш атындағы орта мектеп) 3-орынды иемденді. Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысының прокуроры С.Шалабаевтың атынан Алика Мустафинаны 2-орынмен марапаттады.
Лаура Халина,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz