20.03.2022, 17:50
Оқылды: 66

Есті ене мен көрегенді келін

Бәйтерек ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің жанынан құрылған «Сырғалым» қыз-келіншектер клубы «Есті ене мен көрегенді келін» атты енелер мен келіндерге арналған ойталқы кешін ұйымдастырды. Оған өнерімен көпшілікті сүйсіндіріп жүрген «Ақниет» әжелер ансамблінің мүшелері қатысты.

2ddf4ccb-dc44-4e1f-b5b8-d9687bc657c5

Отбасылық татулық пен бірлікті сақтау, енелер мен келіндер арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, қазақтың салт-дәстүрін насихаттай отырып, мәдени өмірге қызығушылықты арттыру мақсатындағы кеште «Алтын алқа» иегері, төрт келіннің ақылман енесіне айналған, жиырма бір немеренің ортасында қызығына батып отырған Гүлсара әжей, екі келіннің басын бір үйге біріктіріп ұстап отырған Айгүл ана, өз келіні және немере келінімен тұрып жатқан Ханшайым апа келіп, бақытты отбасының сырымен бөлісті.

ca1cfd7d-986b-4cfa-8547-9206068b2444

Ортаға тұшымды ой тастап, ене мен келін жарасымдылығы, татулығы жөнінде өз ой-пікірлерін, өмірден алған сабақтары туралы сыр шертісті. Ой-талқыға тыңдарман ретінде қатысқан қыз-келіншектер келін болып алғашқы түскен кездегі білместікпен істеген қызықты оқиғаларын айтса, үлкендер жағы ақылман ене болу, отбасы берекесін сақтап қалу мәселесімен және өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.

185e303a-f535-4ea5-9a1f-67c72587cc66

1daa621a-ea48-4d80-95e6-1708c96e03dd

Кеш соңында кітапхана атынан «Сырғалымнан сый» қонақкәдесі таратылды.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале