3.10.2023, 16:00
Оқылды: 42

«Этно-модерн» концертін халық қалай қабылдады?

Қаратөбе ауданына Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының ұйымдастыруымен «Орал сазы» фольклорлық ансамблі және Аслан Ғұмаров жетекшілік ететін «Ән қанатында» вокалды аспаптар ансамбльдері келіп, «Этно-модерн» атты керемет ән кешін жұрт назарына тарту етті.

ЭТНО-МОДЕРН концерт (5)

 

Этнофольклор мен эстраданың бірлескен жанрындағы кеш шымылдығы ансамбльдің орындауындағы халық әні «Қара жорға», Байжігіттің «Көкбалақ» күйімен түрілді. Одан соң оркестрдің сүйемелдеуімен «Алатау» әнін шебер орындаған Еркін Өтегенов кештің сәнін одан әрі асыра түсті.

ЭТНО-МОДЕРН концерт (2)

Жиналған жұртқа Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін Алтынбек Оразов, Айбек Тұрарбековтің дуэті, Ескендір Хасанғалиевтің «Гүлсезім» әнін Айым Шекеева, «Сәулем-ай» әнін Наргиза Сүлейменова сынды күміс көмей, жезтаңдай өнерпаздар орындап, көрермен көңілінен шықты.

ЭТНО-МОДЕРН концерт (6)

Әуезді кеште 80-90 жылдардағы ретро әндер мен саундтрэктерден попури шырқаған Ақмарал Ахметова, Майра Хайдарова, Қанат Төлепқалиев, Айдана Орынғалиевалардың өнеріне ән сүйер қауым тәнті болды. Ал ансамбль орындауындағы Батырхан Шүкеновтың «Дождь», Виктор Цойдың «Группа крови» туындылары көптің құлақ құрышын қандырды. Сағынышты саумал сазды балбыратқан кеште Аслан Ғұмаровтың авторлық «Рухты ел» күйін орындағанда көрермен сілтідей тынды.

ЭТНО-МОДЕРН концерт (7)

Сазды кештің қорытындысында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан көрерменге рухани демалыс сыйлаған ұжымға аудан әкімінің атынан алғысхат табыстады.

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале