29.09.2022, 12:30
Оқылды: 54

Этномедиация — ел ішіндегі бірлік пен татулықтың кепілі

28 қыркүйек күні Казталов аудандық ішкі саясат бөлімінде "Этномедиация — ел ішіндегі бірлік пен татулықтың кепілі" атты диалогтық алаң отырысы өтті. Отырысқа Батыс Қазақстан облыстық Татуласу орталығының басшысы Алуа Рахишева, Батыс Қазақстан облыстық Татуласу орталығының қоғамдық медиаторы Ұлбазар Нұрмаханова және ауданымыздағы кәсіби, кәсіби емес медиаторлар, ардагерлер кеңесінің төрағасы, аналар кеңесінің төрайымы, аудандық сот, заңгер, полиция бөлімі қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым жетекшілері мен жастар қатысты.

309702399_493733519429545_2980873827106671418_n
Диалогтық алаң барысында сөз алған Батыс Қазақстан облыстық Татуласу орталығының басшысы Алуа Рахишева жұмыс сапарының негізі мақсаты ауылдық елді мекен тұрғындарына құқықтық көмек көрсету екендігін айта келіп, арнайы дайындалған этномедиация жайындағы слайдты көпшілік назарына ұсынды. Ел көлемінде орын алған ұлтаралық қақтығыстар, олардың себептері мен шешу жолдары туралы баяндап, бүгінгідей алмағайып заманда этномедиацияны дамытуға баса назар аудару қажеттігін алға тартты.
Татуласу орталығының қоғамдық медиаторы Ұлбазар Нұрмаханова облыстағы және аудандардағы жүргізіліп жатқан медиация жұмыстары жайында ой тарқатып, істі сотқа жеткізбей тараптарды татуластыру әдісінің маңызын түсіндірді.
Казталов аудандық сотының судьясы Гүлжихан Сағитова Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Жолдауынан туындайтын міндеттерге тоқталып, сот жүктемесін азайту үшін азаматтардың медиацияға жүгінгені жөн екенін айтты. Өз кезегінде сөз алған Казталов ауданының кәсіби медиаторы Марат Тоясов бүгінде медиацияға аса көңіл бөлінбей келе жатқанын, қоғамдық медиаторларға қолдаудың жоқтығын және медиация жүргізу үшін дұрыс жұмыс орнының да жоқтығын қынжыла жеткізді. Диалогтық алаң барысында полиция бөлімі қызметкерлеріне бүгінде қалыптасып отырған Ресей мемлекеті азаматтарының кіруімен байланысты жағдай бойынша аудандағы қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуі жайында және арызданушыларды татуластыру бағытындағы жұмыстар турасында сауалдар қойылып, нақты жауаптар алынды.

Жансая Жұмажанқызы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале