29.08.2025, 14:45
Оқылды: 296

Фемиданың таразысын ұстаған…

 

Марина Сахипованың есімі сырымдықтарға заңның, төреліктің синониміндей естіледі. Сырым ауданының соты Марина Ғарапшақызы болса, қоғамдық қатынастарды әділдік деген ұғым басқарады есептейді әрі өзі де Фемида секілді таразысын теңселтпей ұстауды  мақсат етеді.  

IMG_5484

Марина ханымның сот саласында еңбек етіп жүргеніне жиырма жылға жуық уақыт болды. Экономикалық сотта бас маман болып қызмет етті, кейін Орал қаласындағы №2 сотына қабылданды. Әр жыл, әр процес оған бай тәжірибе әкелді. Ақыры оған да төрелік айту құзіреті тапсырылды. Марина Сахипова 2015 жылы мантия киді.

Бүгінде Марина ханым Сырым ауданының соты болып еңбек етуде.

Өмір болғасын даулар, тартыстар, біреудің құқына біреудің кіруі жағдаяттары жиі болады. Сан алуан пікір мен көзқарас әділдіктің алдында тоқтайды. Тараптар дау айтпайтындай, жіліктің жігін тапқандай дәл шешімді шығару - Марина Ғарапшақызы мен оның әріптестерінің міндеті.

2025 жылдың қазіргі кезеңіне дейін Сырым аудандық сотына қарауға 9 қылмыстық іс түскен. 178 азаматтық іс қабылданып, 78 - і қаралған, оның 72 - сіне оң шешім берілген. Тоқтатылғандар да бар.

Осы секілді 143 әкімшілік іс қаралып, 108 іс бойынша әкімшілік өндіру тағайындалған. 15 іс тоқтатылған. Бұл сандардың артында қарайған адамның құқы тұр.

- Кәсіби машыққа салсақ, маған ыңғайлысы - азаматтық істер. Қылмыстық істерді қарағанда қиналыс болады. Құжатын зерттеуден, басқалай машақатынан қиналмаймын. Әр адамның сөзін жүрегімнен өткіземін.

Қылмыстық істе адам тағдыры шешілетінді. Сонысымен ауыр, сонысымен жауапты. Бірақ, заңға ешкім өкпелемеуі тиіс, - дейді ауданның соты.

Марина Ғарапшақызы отбасылық құндылықтар ауысып бара жатқанына алаңдаушылық білдірді:

- Сотта қылмысқа күдікті деп танылған адамдардың көбі - жұмыссыздар. Жанұялардың ажырасу фактілері де кездеседі. Себеп - ер азаматтың еңбекке енжар болуы. Жұмыссыздық - қылмысқа жетелейді. Сондықтан, еңбек тәрбиесінен алыстамауға тиіспіз! - дейді ол.

2024 жылы Сырым ауданында  су тасқыны орын алып, кейбір тұрғындар тартқан залалын үкімет тарапынан өндіре алмай шақшадай басы шарадай болды. Сол кезде әділет іздеп соттың есігін қақты. Сырым аудандық сотының судьялары әрбір істі жете зерделеп, тіпті сот залынан шығып, апатты үйлерді көзбен көріп, барынша халық пайдасына шешім қабылдауға тырысты.

Сандарды сөйлетсек, Сырым ауданының соты иасқыннан зардап шеккендердің 13 ісін қарап, 7 еуі қанағаттандырған.

Айбынды Ата заңның мерейлі мерекесі қарсаңында Марина Сахипова секілді заң өкілдерін елге етене таныстыруды жөн көрдік.

 

Б. Ширмединұлы, 

Сырым ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале