Оралда Қайырымдылық айлығы аясында және БҚО мүгедектер ерікті қоғамының құрылғанына 35 жыл толуына орай мүгедектігі бар адамдар арасында облыстық фестиваль өтті.
Аталмыш шараға Қаратөбе ауданының командасы да қатысып қайтты. Сайыс қорытындысы спортшыларымыз жоғары жетістіктерге қол жеткізіп, жеңіс тұғырынан көрінді.
Ерлер арасындағы қол күресінен 70 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен Әмірбек Сағынбек жүлделі І орынды иеленсе, үстел теннисі бойынша Қасым Шоқанаев жүлделі ІІ орынды қанжығасына байлап қайтты.
Жеңімпаздар Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының медаль, дипломдарымен марапатталды.
Бекжан Қойшекенов,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz