18.05.2023, 11:46
Оқылды: 24

Физиотерапия кабинеті ашылды

Жаңақазан ауылы тұрғындары атынан арнайы физиотерапия кабинеті ашылуын сұраған өтініштерді ескере отырып, аудандық аурухана басшысы Е.Сәрсенғалиевтің ұйымдастыруымен Жаңақазан ауылында физиотерапия кабинеті іске қосылды.

IMG-20230518-WA0037
Қолжетімді медицина бағытын қалыптастыру мақсатында жасалған шаралардың бірі физиотерапия кабинетін ашудағы басты мақсат - науқастың емделу кезінде және емделуден кейін қалпына келтіруді барынша жақсарту.

InShot_20230518_113529429

Бірқатар ауруды дер кезінде диагностикалау үшін жүйелі профилактикалық тексерулердің маңызы зор. Ауруды емдеуден алдын алу оңай екені белгілі. Дәл осы орайда аталған ем-шараны дәрігер тағайындаған жағдайда ауыл тұрғындары ауданда апталап жатпай-ақ өз үйінен алып жүру мүмкіндігі жасалды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале