Бәйтерек ауданының Раздольный ауылында аудандық фото мен сурет көрмесі өтті.
Көрмеге ауданның 11 ауылдық округінен 14 адам қатысып, жұмыстарын ұсынды. Фестиваль қатысушылардың қатарында мемлекеттік қызметшілер, өнерпаздар, оқушылар мен студенттер және ауыл тұрғындары да болды.
«Менің - Бәйтерегім» атауымен өткен көрмеге қойылған туындыларда әсіресе тәжірибелі де әуесқой фотографтардың туған жердің өзен-көлі, қырат-жотасы, алтын дәнді алқабы мен ну орманы, демалыс орындары бейнеленген.
Туған өлкенің табиғаты көрініс тапқан туындылар келушілерге әдемі әсер сыйлады.
Шара соңында қатысушыларға арнайы диплом мен естелік сыйлық табысталды.
Айта кетеу керек, көрмеге «Владимирский» және «Достық» шаруа қожалықтары демеушілік көрсетті.
Нұрсұлу Атамекен,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz