15.04.2022, 17:59
Оқылды: 29

Фракция отырысы өтті

Теректі аудандық «AMANAT» партиясы филиалының депутаттық фракция отырысы өтті. Оған  аудан әкімі Тілек Габдушев, әкім орынбасарлары, аудандық депутаттар мен бөлім басшылары қатысты. Жиынға аудандық «AMANAT» партиясы филиалының депутаттық фракция жетекшісі Мирхат Ибраев төрағалық етті.

12

Партия отырысының күн тәртібінде үш мәселе қаралды. «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының жол картасындағы 2022 жылдың бірінші тоқсаны бойынша және өткен жылғы орындалмаған көрсеткіштер барысы  жайында аудандық филиал төрағасы Т.Габдушев баяндады. Сонымен қатар «AMANAT» партиясының аудандық  филиалының жаңадан құрылған кеңес құрамы мен жылдық жоспары, аудандық депутаттардың рейтинг көрсеткіші жөнінде атқарушы хатшы М.Ибраев баяндама жасады. Жиналғандар аталған мәселелер бойынша дауысқа салып, пікірлерін білдірді.

13

Биылғы жылдың 1 наурызында өткен партияның кезектен тыс съезінде берілген тапсырмаларға сәйкес партия жанындағы қоғамдық кеңес құрам саның сегізден беске қысқартты. Қайта жасақталған құрамда «Аумақтық даму» бағыты жетекшісі аудандық мәслихат депутаты С.Идиятов, «Әлеуметтік мәселелер» бойынша аналар кеңесінің төрайымы А.Айтқалиева, «Жастарды қолдау» бойынша аудандық мәслихат депутаты Н.Аткеева, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» бағытында Ш.Какижанова, «Партиялық бақылау» комиссиясы бойынша аудандық мәслихат хатшысы Ә.Нұрғалиевтер жетекшілік етеді.

 

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале