Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Конституция күні мерекесіне орай Бәйтерек ауданы Достық ауылында футбол жарысы ұйымдастырылды. Ауыл жастарын салауатты өмір салтын ұстануға шақыру және футбол ойынына деген қызығушылықты арттыру мақсатында өткізілген жарысқа ауданның біраз ауылынан келген тоғыз команда қатысты.
Қызықты бәсеке қорытындысында үшінші орын Достық ауылының командасына, екінші орын Трекин жігіттеріне бұйырса, Чувашка елді мекенінің ұжымы жеңімпаз атанды.
Сонымен қатар көпшілікті үздік өнерімен тәнті еткен Чувашка командасының лидері Мирлан Жауырбек «Үздік қақапашы», Достық ауылы командасының ойыншысы Данабек Сүйекен «Үздік қорғаушы, тағы бір чувашиндік футболшы Нұрбақыт Құбайдолла «Үздік сұрмерген» атанса, Трекин ауылы командасын алға сүйреген Жарас Нұрғалиев турнирдің «Үздік ойыншысы» атанды.
Жеңімпаз-жүлдегерлер мен үздік ойыншылар медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz