5.07.2022, 20:10
Оқылды: 49

Футболдан жарыс өтті

Орда спорт клубының ұйымдастыруымен орталық стадионда Бөкей Ордасы ауданының қайта құралғанына 50 жыл, «Халық Қаһарманы» Хиуаз Доспанованың, Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл толуына және Елорда күніне орай ерлер арасында үлкен футболдан сайыс өтті.

IMG_20220705_185100
Бастапқы жоспарда аудандық болып белгіленген сайысқа ауа райының қолайсыздығынан ауыл округ командалары жете алмай «Ең үздік футболшылар» атағына «Сайқын- І», «Сайқын- ІІ», «Хан Ордасы» құрама командылары мен ауданның шекара қызметкерлері таласты.
Сайыс барысында жүлделі ІІІ орынға «Хан Ордасы» және шекара қызметкерлері өзара сайысқа түссе, үздік футбол командасы атағына сайқындық қос командасы таласты.
Турнир қортындысында ІІІ орынды «Хан Ордасы» командасы алса, ІІ орынға «Сайқын- ІІ» командасы табан тіреді. Ал үздік болып «Сайқын- І» командасы танылды.
Ұйымдастырушылар алғысхатпен қатар заттай сыйлықтарды табыстады. Мысалы, ІІІ орынға газ плитасы, ІІ орынға теледидар ұсынды. Ал үздік атағына лайық болған командаға автомат кір жуғыш машина сыйға тартылды.
Футболшылардың жеке көрсеткіштері де бағаланды. Сайыс барысында Али Победов «Үздік шабуылшы» атанса (Сайқын- І командасы), Нұркен Есмұхан «Үздік қақпашы» атағына ие болды (Хан Ордасы командасы). Ал шекарашы Армат Хамытбаев «Үздік қорғаушы» атанса, Талғат Насимоллин (Сайқын- ІІ командасы) «Үздік ойыншы» деп танылды.

Темхар Рахметолла,
Бөкей Ордасы ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале