20.12.2022, 12:45
Оқылды: 50

Ғанимат Нұрмұханов – «Ауылшаруашылық саласының үздігі»

Белгілі кәсіпкер, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Ғанимат Нұрмұханов «Ауылшаруашылық саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Бұл марапат жерлесімізге мемлекеттің агроөнеркәсіптік кешен саласындағы саясатын іске асыруға елеулі үлес қосқаны үшін берілді.

12

Ғанимат Нұрмұханов 2001 жылы құрған «Жібек жолы» қожалығы бүгінде облыстағы жетекші шаруашылықтардың біріне айналды. Асыл тұқымды мал басын көбейту әрі төл өндіру бағытын нықтаған еңбекқор ұжым кейінгі жылдары жер игеріп, егін шаруашылығына ерекше екпін қойды. Ал, «Жібек жолы» автокешені Самара-Шымкент халықаралық күрежолының бойымен қатынаған жолаушыларға дәмді асхана, жайлы қонақүй, сапалы автосервис ұсынып отыр. Ғанимат Нұрмұханов аграрлық саладағы әріптестерінің мұң – мәселелерін батыл көтеріп жүрген халық қалаулысы әрі елдегі түрлі шара, бастамаларға тұрақты демеушілік жасайтын меценат екенін де айту міндет.

11

Жерлесімізге төсбелгіні Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман  Төреғалиев табыс етті.

 

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

Суретті түсірген: Рафхат Халелов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале