16.07.2025, 9:45
Оқылды: 246

Ганноверден Шыңғырлауға келді

Шыңғырлау аудандық музейінде ерекше сәт орын алды. Музейдің қадірлі қонақтары — кезінде Шыңғырлау жерінде туып-өскен, қазіргі таңда Германияның Ганновер қаласында тұрып жатқан Андрей мен Ирина болды.

Туған жер23

Олар туған өлкені, балалық шағы өткен Шыңғырлауды сағынышпен еске алып, музейдегі әрбір жәдігерді үлкен ықыласпен тамашалады. Өздерімен бірге өткен күннің естеліктерін, жүрек тербетер сырларын ала келді.

«Бұл музей — біздің балалық шағымыздың айнасы секілді. Осы жердің ауасы, тарихы, тіпті әр тасы да бізге ыстық», — дейді олар тебірене.

Осындай елден жырақта жүріп, туған жерге деген сүйіспеншілігін жоғалтпаған жандардың келуі біз үшін үлкен қуаныш әрі шабыт көзі. Андрей мен Иринаға жылы лебіздері мен тарихи-мәдени мұраға деген ықыласы үшін алғысымызды білдіреміз.

Әдемі Галиева,

аудандық музейдің экскурсоводы,

Шыңғырлау ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале