29.09.2022, 12:46
Оқылды: 74

Ғасыр тойға арналды

Ұзынкөл ауылдық округінде Жәнібек ауданының 100 жылдығына орай аударыспақ, жамбы ату, жаппай көкпардан сайыстар өтті. Білекті де жүректі жігіттер жиналған доданы аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық, аудандық дене шынықтыру және сауықтыру кешені ұйымдастырып, Ұзынкөл ауылдық округі әкімдігі қолдау білдіріп жоғары деңгейде атқарып шықты.

309414099_563402832456062_6874007839844798859_n

Шарада аудандық спорт мектебінің директоры Орынбасар Ғилымов шабандоз жастарға сәттілік тілеп, ұлттық спорттың дамуына үлес қосатын жастардың қатары көп болуын тілектестігін білдірді. Өз кезегінде Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі Бекежан Шарафутдинов та қонақтарға қош келдің айтып, алғысын білдірді. Аталмыш ауылдың ақсақалы Досқали Құсайынов атқа қонған жігіттерге тұлпарларының тұяғы талмасын деп ақ батасын берді.

Аудан өнерпазы Райымбек Каримов шабандоздардың рухын көтеріп, ән шырқады.

Айтулы додаға Жәнібек, Ақоба, Күйгенкөл, Ұзынкөл ауылдарының тақымы тастай жігіттері қатысты.

кокпар

Жарыс нәтижесінде аударыспақтан 45 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орынды Талғат Есім, ІІ орынды Ақниет Бақтығали, І орынды Нұртас Биәлі алды. Сонымен қатар 70 келіге дейін салмақта ІІІ орынды Жалын Бисенбаев, ІІ орынды Асуан Құсайынов, жүлделі І орынды Оралхан Ғаббасов иеленді. 70 келіден жоғары салмақта ІІІ орынды Бақытжан Серіков, ІІ орынды Нұрберген Неғметов, І орынды Бекарыс Бейбітұлы алды.

Жамбы ату сайысы бойынша ІІІ орынды Рамазан Бақтығали, ІІ орынды Бақытжан Серіков, І орынды Мержан Теміржанов қанжығасына байлады.

Барша жеңімпаздар диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жаппай көкпарға ұзынкөлдік кәсіпкерлердің демеушілігімен қомақты қаржы тігілді. Жәнібектік Рахат Бақтығалиев қатардан дара шауып, халықтың ықыласына бөленді.

 Бақытжан Маратұлы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале