15.03.2026, 19:00
Оқылды: 13

Ғасыр жасаған ақсақал дауыс берді

Мичурин ауылдық округі Асан ауылының 103 жастағы тұрғыны Серахитдин Байғалиев та референдумға қатысты.

photo-output

1922 жылдың күзінде қазіргі Сырым ауданында дүниеге келген Серахитдин атамыз сегіз жасында отбасымен бірге Ресейге қоныс аударған. 1958 жылы туған жеріне оралады. 2000 жылдарға таман Асан ауылына көшіп келген. Алты перзентінен тоғыз немере, тоғыз жиен, сегіз шөбере, жеті жиеншар сүйіп отырған ол кісі батагөй ақсақал ретінде де танымал.

«Батаменен ел көгерер» республикалық батагөйлер байқауының облысымыздың намысын абыроймен қорғап, үздік үштікке кірген қария жасына байланысты үйінен дауыс берді.  Ақсақал референдум учаскесінің мүшелерін жылы қарсы алып, ел амандығын тілеп, ақ батасын берді.

Гүлім Мақсотқызы

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале