12.08.2021, 15:44
Оқылды: 21

«Ғазалдықтар» бас қосты

Теректі аудандық «Ғазал» жас ақындар клубы мүшелері аудан әкімі Арман Өтеғұловтың қатысуымен бас қосты. Кездесудің басты мақсаты – топ мүшелерінің басын қосып, шығармашылық жұмыстарымен бөлісу. 

IMG-20210812-WA0031

Ұйымдастырылған шарада аға буын өкілдері Дәурен Шамұратов, Әділет Орынбасаров, Айбек Әбілқалым бастаған көштің ізін басып келе жатырған, жас та болса облыс көлемінде танылып жүрген жас жыршылар Нұрдана Темір (Подстепный ауылы), Әлішер Әміров (Сарыөмір ауылы), Саягүл Құлмұқанова (Феодоровка ауылы), Айымгүл Ысқақова (Феодоровка ауылы), Бахтияр Мұрадымов (Ақжайық ауылы), Нұршат Тұрсынхан (Бөкей ордасы ауданы) қатысып, жырдан шашу шашты.

IMG-20210812-WA0025

Сарыөмірлік Әлішер Әміров клуб мүшелеріне арнау жырын айтса, жас ақындар жетекшісі Айбек Әбілқалым домбыраның құлағында ойнап, ақындарды термемен тербеді.

Жиын барысында ақындар аудан әкіміне өз ұсыныс-тілектерін білдірді. Аудан әкімі Арман Кәрімұлы өлеңсүйер жастардың бастамасына сенім білдіріп, туындыларына жоғары баға берді. Болашақта мұнымен тоқтап қалмай, аудан атын танытуға ат салысуға шақырды.

IMG-20210812-WA0032

Сонымен қатар, жас ақындар тарапынан туындаған "Ғазалдың» жинағын шығару туралы бастаманы Арман Кәрімұлы қолдайтынын жеткізді.  Жас ақындар көшін сүйреп жүрген Әділет Орынбасаров өзінің авторлық «Тау баласы» жыр жинағын Арман Кәрімұлына табыстады.

Басқосудың соңы клуб мүшелерінің жылы лебіздерімен аяқталды.

IMG-20210812-WA0027

Балнұр Қуанышқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале