29 қаңтар күні 16 сағат 55 минутта БҚО ТЖ департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметі №25 өрт бөліміне Зеленов ауданы Переметный ауылындағы Гагарин көшесі, 134 мекенжайда газ баллонынан өрт шыққаны жөнінде мәлімет түскен.
ТЖ департаментінен түскен дерекке қарағанда, газдың шарпуы салдарынан 16 шаршы метр аумақтағы сененің төбесі жанған. Оған қоса 1954 жылғы әйел жамбасынан, екі тізесінен, қолы мен бетінен 1 дәрежелі 25 пайыз күйік алған. 17 сағат 55 минутта беті қайтқан өрт 18.25-те толықтай сөндірілген.
Өрт сөндіруге 1 техника, 4 адам жұмылдырылды. Қазіргі кезде оқиғаның себеп-салдары, келтірілген шығын анықталуда.