13.11.2024, 23:24
Оқылды: 22

Газет оқитын ауыл

Ауыл жұртшылығын алға сүйреп, қай кезеңде болмасын бірге болу әкімге тікелей байланысты және бұл істер ауыл басшысының жауапты міндеті екендігі сөзсіз. Кез келген жағдайда бұғып қалмайтын ауылдық округ әкімдері газетке жазылу науқанында да белсенді болары анық һәм кәміл сенеміз. Осы орайда Теректі ауданына қарасты Покатилов ауылының әкімі Әділбек Дусенов бастаған округ әкімдігінің ұжымы жоғарыда айтылған сөзімізге сай болды. Бүгін олар ауылдық поштаға барып, баспасөз басылымдарына жазылды.

photo-output

– Ауыл жұртшылығының газетке, жергілікті басылымдарға деген көзқарасы оң деуге болады. Газеттің қоғамнан алар орнының айрықша екенін де біркісідей ұғынамыз,- деді ауылдық округ әкімі өз сөзінде.

Сондай-ақ газет оқитын ауылдағы мекеме басшылары мен ауыл тұрғындарын 2025 жылдың бірінші жартыжылдығына жұмыла жазылуға шақырды.

 

Ақтілек Әлібекұлы,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале