3.07.2020, 11:05
Оқылды: 38

Газетке қолдау білдірді

Жаңақала ауданының төл газетіне 2020 жылға жазылу науқаны одан әрі жалғасуда. Көптеген азаматтар аудандық «Жаңарған өңір» газетінің тарылымына қолдау білдіріп, өз үлестерін қосқан болатын. Соның бір дәлелі, асылтұқымды еділбай қойын өсіретін «Бірлік мал зауытының» директоры Қанат Ешімов аз қамтылған 10 отбасын аудандық газетке жаздырып, игілікті іс жасады.

4A1236C8-97FE-4A30-B8A7-687DD7122D44

- Әрқашан жергілікті басылымды қолдауға әзірмін. Газет - ауданның айнасы. Әрі ауылдастарым газет оқып, рухани азық алып, жағымды жаңалықтардан құлағдар болып отырса, ғанибет емес пе?! Газеттің арқасында жас ұрпақтың тіл байлығы кемелденіп, ой-өрісі кеңиді. Адам баласына газеттің пайдасы болмаса, ешқандай зияны жоқ. Алдағы уақытта газет бетінде еңбек адамы, соның ішінде малшылар мен механизаторлардың ерен еңбегі көбірек жазылып, дәріптелсе деген ұсынысым бар. Жалпы, аудандық басылымның қазіргі беталысына, ұстанымына, кескін-келбетіне көңіліміз толады. Соңғы кездері газет өзекті, түйткілді мәселелерді көтеріп жүр. Әркез аудан өмірінен хабардар болып, бар жаңалықтарға құлақ түріп, ақпарат көздеріне қанығып келеміз. Шығармашылық ұжымға табыс тілеймін. Жерлестерімді газетке жазылуға шақырамын,-дейді Қ.Мұхтарұлы.

Әрқашан ауылдастарына қамқорлық танытып, қашан да «елім», «жерім» деп жүретін, елжанды азамат Ешімов Қанат ағамызға шынайы алғысымызды білдіреміз.

Алтынбек Серікқалиұлы

Жаңақала ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале