Жаңақала ауданы айнасы «Жаңарған өңір» газетіне 2021 жылдың II жартыжылдығына жазылу науқаны жуырда аяқталған болатын. Бұл маңызды істе газет оқырмандары жауапкершілік танытып, науқанға белсене атсалысты. Сонымен қатар ауданымыздың жомарт жанды кәсіпкерлері де жерлестерім үшін деп көмек қолын созып, өз есебінен оқырмандарды төл газетке жаздырып берді.
Өткен аптада тағы бір осындай игі істің куәсі болдық. Дәлірек айтсақ, Мұқыр ауылының азаматы, «Елдар» шаруа қожалығының басшысы Ағайдар Қойшығалиев 10 отбасын газетке тегін жаздырып, мәрттігін танытты. Ауылының жанашыры, қайырымдылық істердің көш басында тұрған Ағайдар мырзаға бұл жомарттығы үшін алғыс айта отырып, еңбегіне жеміс тілейміз.
Жаннұр Хайрушева,
Жаңақала ауданы