8.01.2020, 18:08
Оқылды: 14

Газеттің тұрақты оқырмандары марапатталды

Жаңалықтың жаршысы, ақпараттың айнасы Казталов аудандық "Ауыл айнасы" газетін үзбей оқып, қашанда қолынан тастамайтын оқырмандар арнайы шақырылып, марапатталды.

qaztalov (1)

Газет редакторы Қайрат Жақып зейнеткер Тұяқ Әмірұлына "Ардагер оқырман" және Қазталов мектеп-лицейінің ұстазы Абзал Есенғазиевке "Жас оқырман" аталымдарын және естелік сыйлық табыстады.

qaztalov (2)

Газеттің тұрақты оқырмандары аудан жаңалығын уақтылы газет бетіне және әлеуметтік желіге жариялап, сан түрлі тақырыпта қалам тербеп жүрген шығармашыл ұжымға алғыс білдірді.

Әсем Болат

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале