24.04.2025, 10:15
Оқылды: 323

«Генералдар кеңесі» Жәнібек ауданы тұрғындарымен кездесті

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Жәнібек ауданына келген «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы мен мүшелері аудандық мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездесті.

image-23-04-25-06-51-6

Кездесу тізгінін алған Лариса Абдуғалиева ауданға келген генералдарды таныстырып, сөз кезегін аудан әкімі Тимур Шиниязовқа берді. Ол өз кезегінде соғыс оты шарпыған мекен туралы қысқаша баяндап, келген меймандарға кішігірім кәдесый тарту етті.

image-23-04-25-06-51-1

Әрмен қарай сөз кезегін алған «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төралқа төрағасы, Ішкі істер министрлігінің өкілі, генерал-лейтенант Бексұлтан Сәрсеков өздерінің келгендегі мақсатын айтып, осы кезге дейін атқарған жұмыстарына тоқталды. Сонымен қатар ол аудан басшысы Тимур Серікұлына Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтың төсбелгісін, Амангелді Мырзағалиұлы мен Тахир Зинұрұлына авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигельдиновтың төсбелгісін кеуделеріне тақты.

image-23-04-25-06-50

Сонан соң Амангелді Мырзағалиұлы мінбеге көтеріліп, ауданға «Қаһарман» мәртебесін берудегі атқарып келген жұмыстарды атап өтті. Алайда, жұмыстар нәтиже бермей, аудан ауызша ғана қаһарман боп аталып жүргенін айтып, налыды. Генералдарға өз және жәнібектіктер атынан алғыс білдіріп, жақын арада мәртебе берілер деген сенімін білдірді. Кездесу барысында әнші Райымбек Кәрімов ауданның 100 жылдығына жазылған әндердің бірі «Ғұмар елі» әнін шырқады.

image-23-04-25-06-50-1
Жерлесіміз, №1 мектеп-лицейінің түлегі Сұлтан Неталиев те сөз сөйлеп, жерлестерді көріп, қуанып отырғанын жеткізді. Талғат Қаналиевпен бірге жасап жатқан барлық игі іс аудан үшін екенін де атап өтті.

image-23-04-25-06-51-4

Шара «Жәнібегім» әнімен қорытындыланды.

Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале