Казталовтық гирдролог аталған аудандағы су деңгейі туралы айтып берді.
- Мен «Қазгидрометте» гидролог болып қызмет атқарып келе жатқаныма 18 жыл болды. 2006 жылдан бері су деңгейінің көтеріліп тұрғанын бірінші рет байқап отырмын.
Өйткені, 2011 және 2014 жылдары да су деңгейі мұндай көлемде болмады. Қазір су көлемінің бірінші шекті деңгейге жетуіне шамамен 1 метр қалды. Сағат сайын бақылап, ақпарат беріп отырмыз. Үлкен өзенге су көлемінің сағат сайын артуы, ағын судың көп мөлшерде келіп жатқанын аңғартады. Қазіргі таңда Қайыңды ауылында су деңгейі 9.39 сантиметрді көрсетіп отыр. Сондықтан қамсыз отырмағанымыз дұрыс, - дейді гидролог Дана Жақашева.
Казталов ауданы,
zhaikpress.kz