6.08.2024, 12:30
Оқылды: 244

Грант–2024: теректілік түлектер сенімді ақтады

Мектеп бітіруші түлектер алдындағы басты міндет – білім сыны. Он бір жыл бойы жинаған білімдерін сарапқа салар айтулы сәт.

BC8270E5-F6D1-420A-BC97-37448DA006D0

2023-2024 оқу жылында Теректі ауданы бойынша 296 түлек оқу жылын аяқтады. Соның ішінде 17 шәкірт оза шауып «Алтын белгі» иегері атанды. Атап айтсақ, Федоровка жалпы орта білім беретін мектебі, Аңқаты, Подстепный №1, Госплемстанция, Абай және Хамза Есенжанов атындағы жалпы орта білім беретін мектептерінің түлектері.

Аталған түлектердің 266-сы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, білімдерін сынады.

Тамыз айының 5-і күні жарияланған тестілеу қорытындысы бойынша бағы мен бабы қатар шапқан аудан түлектерінің 163-і мемлекеттік білім грантына ие болды.

Айта кеткен жөн, Приречный жалпы орта білім беретін мектебін аяқтаған түлектер түгелімен мемлекеттік грант ұтып алды. Білім ордасынан түлеп ұшқан бес оқушы жүз пайыз көрсеткіш көрсетті.

Бұл ауыл мектебі, қала берді аудан үшін жоғары нәтиже.

Бітіруші түлектер жоғары білімді азамат, білікті маман болып, алдағы уақытта ауданның өркендеуіне лайықты үлес қосады деп сенім білдіреміз.

 Жауһар Нұрым

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале