10.05.2022, 17:12
Оқылды: 17

«Green Park» кешенінде 50 тұрақты жұмыс орны ашылады

Облыс әкімі Ғали Есқалиев сейсенбі күні Бәйтерек ауданының бірқатар ауылдық округтарында жұмыс сапарымен болды. Өңір басшысының сапары Трекин ауылдық округіне қарасты Жайық ауылы маңындағы «Green Park» демалыс кешені жұмысымен танысудан басталды.

IMG-20220510-WA0012

Айта кетейік, бұл кешен жұмысын былтыр жазда бастаған болатын. Бес гектар жерді алып жатқан мұнда әзірге жағажай, су атракциондары, пирс, кафе, ашық терраса нысандар іске қосылған.

f465cb4c-7960-42e3-84d4-4f063a08b46f

Аталмыш кешеннің арт-менеджері Нұрсұлтан Оразалиевтің сөзіне қарағанда, биыл да бұл бағытта жаңа жобалар жүзеге аспақ. Тек жазғы емес, қысқы демалыс түрлері де қолға алынуда. Биылдың өзінде тюбингке, шаңғы, коньки тебуге арналған алаңдар жасақталды. Алдағы жылы атпен серуендеу іске қосылмақшы. Бір сөзбен айтқанда, қала, аудан тұрғындарының, қонақтардың, туристердің жыл он екі ай бойы жоғары деңгейде демалуына қажет жағдай жасалатын болады. 50 тұрақты жұмыс орны ашылады. Ал жаз маусымында ол екі-үш есеге дейін көбеймек. Жалпы кешенді дамыту бес жылға жоспарланған. Оған 3,5 млрд теңге инвестиция салынбақшы. Қазіргі таңға дейін оның 1,2 млрд теңгесі игерілді.

IMG-20220510-WA0010

Облыс әкімі жаңа стандарт бойынша салынып жатқан кешеннің мәдени демалыс үшін маңызы зор болатынын айтып, жұмысына сәттілік тіледі. Кешен басшыларына жұмысқа негізінен жергілікті тұрғындарды алуға, еңбекақы мен зейнетақы, медсақтандыру, салық төлемдерін уақтылы жүргізіп тұруға жіті мән беру керектігін айтты.

 

Сәкен Мұратұлы,

Бәйтерек ауданы,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале