27.09.2025, 16:55
Оқылды: 110

Гүл шоқтары қойылып, тағзым етілді

Бүгін көрнекті ақын, ойшыл философ, каламгер Ғұмар Қараштың туғанына 150 жыл толуына арналған шаралар орталық алаңда орналасқан көрнекті ақын, ойшыл философ, қаламгер Ғұмар Қараш ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.
image-27-09-25-03-42-9

«Әуелі колдан келсе еліңді сүй,
Ел үшін еңбек еткен еріңді сүй.
Қағбаға тауап ету керек болса,
Кір жуып, кіндік кескен жеріңді сүй!»- деп, сөз бастаған мәдениет үйінің қызметкері Нұрлыхан Каримов бабаның мерейтойына орай өткізілген шаралар туралы айтып өтті.
- Ұрпағына өлместей өсиет қалдырған, қазақтың азаттығын аңсаған Ғұмар есімі ғасырдан ғасырға жалғасып мәңгілік мұра болып қалады. Бүгінгі күн соның айқын бір дәлелі. Бүгінде Ғұмар ұрпағы Ғұмар мұрасын насихаттап, өмір жолына темірқазық етіп келеді. Осыдан 25 жыл бұрын ауданымызда алғаш рет Ғұмар бабамыздың 125 жылдығына арналған ақындар мүшәйрасында ардагер ұстаз, ақын Мәншүк Қадерқызы Ғұмар жырын оқулыққа енгізді. Ғұмар бабаның басына кесене орнатылды, есімі көшеге берілді. Биыл Ғұмар музейі де ашылмақ және мектеп бағдарламасына енгізілуі жөнінде оқу ағарту министрлігіне ұсыныс жасалып, бұл күнге де жетер сенім мол, - деді жүргізуші.

image-27-09-25-03-42-5
Әрмен қарай аудан әкімі Тимур Шиниязов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев, Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның директоры Бауыржан Халиолла мен ДілдәшИскакова, облыстық мәдениет және архив ісі басқармасының басшысы Қуанышбек Мұханғалиев пен ардагер ұстаз Серік Қарабалин баба ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

image-27-09-25-03-42-3
Борсы ауылының перзенті, ақын атындағы мектептің оқушысы Бек Максим, Жанару Марлен мен Жанарыс Шамұрат ақынға арнау арнады.
Әрмен қарай аудан тұрғындары мен қонақтары аудандық мәдениет үйінің фойесінде жасақталған көрмемен танысты.

Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале