27.08.2025, 18:00
Оқылды: 229

Гүлдермен сырласқан Оразбек

Алғабастағы М. Қаналиев атындағы мектептің жөндеуге сұранып тұрғанын, ауласындағы жасыл алаңның да тозығы жеткенін, тіпті оқушыларды таситын көлігінің жүргенінен жүрмегені көп екенін айтып, мәселе көтеріп жүрміз. Көңілді жылытатын жайттар да жоқ емес бірақ. 

PHOTO-2025-08-26-10-56-28

Биыл мектептің ауласы гүл жайнап, ерекше реңге бөленді. Оның бәрі - аула қызметкері Оразбек Ғабдуллиннің еңбегі. Қызметке қабылданғанына көп бола қоймаса да, Оразбек ағамыз тазалығымен, тиянақтылығымен ұжымына сыйлы адамға айналды. Әсіресе, оның қолы тиген гүлзарлар биыл құлпырып тұр.

PHOTO-2025-08-26-09-42-15

- Қыркүйекте білім алуға келген балаларды әдемі гүлдер қарсы алуы керек, - дейді өзі.

Жақында “Сырым елі” газетінен ҚР оқу - ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың Бұлдыртыдағы мектептің слесарын марапаттағанын оқыдық.

PHOTO-2025-08-26-09-42-29

Білім беру ісінде жұмысшы мамандықтардың үлесі зор. Оразбек аға - солардың бірі.

 

 

Нұрболат Жұмағазиев,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале