Гүлнар Хайырлиева, Жәнібек аудандық Аналар кеңесінің мүшесі ардагер ұстазы, медиатор
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні – өте ерекше, тарихи тағылымды күн!
Бұл күн – ұлттық қасиетімізді, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақ елін рухы биік, намысы берік халық екендігін танытқан күн.
Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған күні Тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі жас ұрпаққа бұйырған зор бақыт.
Ел аналарының тілегі де осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды, жас ұрпағымыз өсіп, елге, қоғамға өз үлестерін қосатындай саламатты да сауатты ұрпақ болсын деген тілек. Өркениет көшіне ілескен жас ұрпағымызға гүлдену мен көркею тілейміз. Әр отбасында береке-бірлік пен татулық болсын деймін. Еліміздің Көк байрағы бейбіт аспанда мәңгілік желбіреп, әлемге таныла берсін!Ел тыныш, жұртымыз аман болып, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!