Осыған дейін Жәнібек ауданында облыстық-аймақтық Ғұмар оқулары өтетіндігін хабарлаған болатынбыз.
Ғұмар туған жерге барар жолда меймандар мен сайыста бақ сынайтын қатысушыларды Тау ауылының игі жақсылары күтіп алып, ақсалдар батасын беріп, ақ жаулықты аналар ұлттық дәм ұсынды.
Мектеп оқушылары Ғұмар жырын оқып, ақын абыройын асқақтатты.
Дәл солай Борсы ауылдық округіне қарасты Тегісшіл елді мекені құрмет көрсетті. Қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татқан қонақтар оқушылардың ақын рухына арнаған өлеңдерін тыңдады.
Ақтілек Әлібекұлы,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz