23.09.2021, 22:37
Оқылды: 53

Идеологиялық бағыттағы жиын

23 қыркүйек күні Казталов ауданында «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Табылғали Сапаров пен БҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары Арсен Ғұбашев аудан активімен жиын өткізіп, идеологиялық мәселелерді талқыға салды.

 4

Жиынның күн тәртібінде Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы, аудан тұрғындарының басылымдарға жазылу үрдісі, сайлау туралы мәселелер қаралды.

Келелі жиында «Жайық Пресс» медиахолдингінің басшысы Табылғали Сапаров еліміздің, ауданымыздың Тәуелсіздік жылдарындағы бедері мен белесінен хабардар етіп, газеттің маңыздылығын ұғындыра отырып, сайлаудағы өзгерістерге тоқталды.

2

Ол өз сөзінде аудан активі мен аудан тұрғындарын аудан тынысы, жергілікті басылымға жазылуға шақырды.

Сонымен қатар, «Ауыл айнасы» аудандық қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы Қайрат Жақып өз баяндамасында басылымға жазылмаған бірқатар заңды тұлғалар мен мекемелерді тілге тиек етіп, басылымға жазылу науқаны жөнінде хабардар етті.

1

Медиахолдинг басшысы мен аудандық басылым редакторының пікірін ескере отырып, Арсен Зиннатұлы аудан әкімі аппаратының басшысына және жауапты тұлғаларға баяндамадан туындайтын міндеттерді назарға ала отырып, тиісті шараларды қолға алу керектігін ескертті.

3

Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары ауданымызға қарасты Талдыапан ауылдық округі әкімін сайлау мәселесін назарға ала отырып, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңдағы өзгерістерге тоқтала отырып, сайлаудың еліміздің өзін-өзі басқару құрылымын жандандыру бағытындағы саяси өзгеріс екендігін және маңыздылығын атап өтті.

 

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале