17.05.2021, 18:46
Оқылды: 183

Игілікті іс жалғасын таба бермек

Елімізде бастау алған «Қайырымды істер марафоны» жобасына  Мичурин орта мектебінің ұжымы да өз үлесін қосуда. Жуырда білім ордасының ұстаздары мен мектеп түлектері, ауылдың жанашыр тұрғындарының бастамасын жалғап, қолдау мен қайырымдылықты қажет ететін отбасы балаларына азық-түлікпен, киім-кешек алып берді.

 мараф1

Игілікті істі мектеп директоры А.Кенжебаева бастап, Е.Ибраев, Г.Қазжанова, К.Ахметова, Н.Каримова, Г.Жанібекова, Е.Мұқамбетқалиев, Л.Имагамбетова, Е.Даулетова, Г.Дегенбаева, Ж.Мұкамбетқалиева, С.Әжіғали, А.Жұбанова сынды ұстаздар бір кісідей қолдады.

- Мейірімді әрі қайырымды болу – азаматтың міндеті. Ал ұстаздар қауымының игі істері ата-ана мен шәкіртке үлгі болуы керек. Елімізде қолға алынған тамаша бастамаға қолдау білдірген әр ұстазға алғысым шексіз, - деді мектеп директоры А.Кенжебаева.

Сондай-ақ ауданға қарасты Новенков ауылының тұрғыны Жәрдемғали Құсайынов та бастамаға қолдау танытып, бір көпбалалы отбасына көмек көрсетті. Ол бір үйдің сегіз баласын жазғы киіммен толық қамтамасыз етті. Елімізде атына заты сай Жәрдемғалидай азаматтар көбейе берсін!

Бұдан бөлек мектептің 2010, 2015 және 2018 жылғы түлектері жыл сайын қайырымдылық эстафетасын ұйымдастырады. Өскелең ұрпақты  шынайы мейірімді болуға тәрбиелейтін жастардың ісі көпке үлгі.

 

Жанат Мұқамбетқалиева,

Мичурин орта мектебінің әлеуметтік педагогі

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале