6.11.2024, 17:15
Оқылды: 167

Ілбішін ауылында қос отбасы баспаналы болды

Ақжол ауылдық округінің Ілбішін ауылында су жаңа қос пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.  Осы күні қоныстойын атап өткен отбасылардың қуанышын бөлісуге аудан әкімі Мұрат Сердалин келіп, құттықтау сөз сөйледі.

7

– Рухы биік халықтың іргесі мығым, ынтымағы да жарасты болмақ. Ауылдық жерлердегі тұрғындардың әл-ауқатын көтеріп, мәдениетін, білімі мен денсаулықтарын нығайту мақсатында жасалған игі шаралар – ел саясатындағы басты бағыттардың бірі. Міне, бүгінгі пәтер иелерінің қуаныштары да әлеуметтік әділеттіктің жарқын көрінісі мен халықтың тұрмыс-жағдайын жақсарту жолындағы игі шаруалардың бірі саналады. Қуаныштарыңыз құтты болсын, ел аман, жұрт тыныш болсын, – деген ол қос бірдей пәтер иесіне су жаңа үйдің кілтін табыстады.

Айта кетейік, бұған дейін ауданның Алғабас, Мерген, Бударин, және Битілеу ауылында да жаңа үйлердің кілттері табысталған болатын.

Асыл Қайрат

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале