Кеше Қаратөбе аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Имандылық – ізгілік негізі» атты имандылық кеші өтті.
Кездесу имандылық сөзінің нақты мағынасын оқырмандарға түсіндіре отырып, бабалардан калған ұлағатты, ғибрат сөздерден үлгі алуға ұмтылдыру, имандылыққа, парасаттылыққа, адалдыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, кеште жастарды имандылық пен адамгершілікке тәрбиелейтін бағытта бейнесюжет көрсетілді.
Кеш барысында аудан имамы Әділжан Бекқазиев имандылық құндылықтарын бойға сіңіру, жалпы дін туралы ұғым түсініктерін кеңейтіп, ислам діні туралы жастардың көзқарастарын дұрыс қалыптастыру, адамгершілік-рухани тәрбие жөнінде әңгіме өрбітті.
Кездесуге теолог маман Әмірбек Жәнібековте қатысып, салт-дәстүрді сақтауға, ұлттық құндылықтарды насихаттауға, отансүйгіштікке, рухани-адамгершілік пен азаматтық-құқықтық ұстанымын қалыптастыруға, бірлік пен бірегейлікке тәрбиелеуге үндеді.
Кеш барысында ауыл жастары көкейінде жүрген әртүрлі сұрақтарды қойып, қажетті мағлұматтарға қанығып, рухани әсер алды.
Райымбек Абай,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz