18.10.2023, 16:15
Оқылды: 61

Иманғали баянда ойнағанда...

Сырым ауданында «Батыс Қазақстан облысы мүгедектерінің ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ХХV шығармашылық фестивалі өтті.

IMG_5814

Денсаулығындағы кінаратқа бола адамды мүмкіндігі шектеулі деп жатамыз. Алайда, қиял, ынта мен жігер шектелмесе, мүмкіндік шектелмейді екен. Аудандық мәдениет үйінде өткен өнер фестивалінде осыған көзіміз жетті.

Шараға қатысушылар эстрадалық вокал, музыкалық аспапта ойнау және қолөнер бағыттары бойынша бақ сынады. Халық ән салған әр өнерпазға қол соқты. Дегенмен, біз үшін Алғабас ауылынан келген Елемес Жаңабергенов пен Ғалымжан Нұрбергеннің дуэті сәтті шыққандай болып көрінді. Ал тоғанастық Иманғали Беккужин баян ойнағанда, сахна саз сиқырына тербелді. Көрмеде мүмкіндігі шектеулі жандардың қолөнер бұйымдары қойылды. Сөйтсек, олар шетінен суретші, шетінен тігінші, тіпті мүсінші екен.

IMG_5810

Өнер фестивалінің қорытындысында Сырым аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Кенжегүл Исатаева сөз сөйледі.

 

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале