Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов Батыс Қазақстан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз мәслихатын өткізді.
Сырым ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарды «AQJAYIQ» телеарнасы тікелей эфирде таратты.
Жұмагелді Батырниязов баяндамасын Қасым-Жомарт Кемелұлының жолдауындағы ауыл шаруашылығына айрықша назар аударып, үнемі қолдап отыратындығы жөнінде бастады.
Президентіміз өз жолдауында ауыл шаруашылық саласы еліміздің негізгі ресурсы екенін атап көрсетті.
Сырым ауданының экономикасының негізін аграрлық сала құрайды. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану, сүт белдеуін қалыптастыру, сапалы әрі толық көлемде мал азығын дайындау, мал азығы егісін ұлғайту, ауыл шаруашылығы өнімдерінің ішкі сұранысын толық көлемде өз өнімдерімізбен қамтамасыз ету - үздік атқаратын жұмысымыз, - деді Жұмагелді Батырниязов.
Біз әкімнің баяндамасындағы деректерді зерделеп, цифрлардың арғы жағына үңіліп көрдік.
4 мыңға тонна ет, 23 мың тонна сүт!
2024 жылдың есепті кезеңінде ауданға жалпы құны 117,8 млн теңге болатын 322 бас асыл тұқымды ірі қара малы сатып әкелінген.
Ірі, етті тұқымды көбейтудегі мақсат - ет өндірісін арттыру. Бұл мақсао орындалған секілді.
Сырым ауданында ьүгінгі күнге дейін 4 мың 618 тонна ет өндірілген. Соның ішінде жеке тұрғындар тарапынан 1 мың 993 тонна, шаруашылық құрылымдарынан 2 мың 652 тонна “қызыл тауар” дастарханға жеткен.
Ал, сүт өнімі23 мың 500 тоннаны құрап отыр. Соның ішінде жеке тұрғындар тарапынан 11 мың 346 тонна, шаруашылық құрылымдарынан 12мың 156 тонна сүт жиналған.
Бұлан ауылдық округіндегі «Берекет» шаруа қожалығының өзі 80 бас сүт бағытындағы асыл (гольштеин) тұқымды сиырдан 10 мың 560 тонна сүт өндіріп, «Береке» ЖШС-не тапсыруда.
Ағымдағы жылдың есепті кезеңіне мал шаруашылығы өнімдерін субсидиялау бойынша ауданымыздың 150 шаруа қожалықтарына жалпы 470,5 млн.теңгесубсидия төленген.
Қайтқан жерде қайыр бар…
Ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану мақсатында мемлекеттік меншікке қайтарылатын жер телімі 2024 жылғы жоспар бойынша 12 мың гектар болса, қазіргі күнге аудан бойынша 16 мың 53 гектар жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды. Жоспар 133,7%-ға артығымен орындалды.
Тұрғындардың мал жайылымына мұқтаждықтарын қанағаттандыру, жайылымдық жерлерді кеңейту мақсатында 12 мың 400 гектаржер резервке қойылды. Резервтік жер көлемін 20 мың гектарға жеткізу мақсатында 8 мыңгектар жерге орналастыру жобасы жасақталуда. Бұл жұмыстар жыл аяғына дейін аяқталады.
Қыстың қаһары жолда,
200 тонна шөп қорда!
Аудан бойынша 2024-2025 жылдардың мал қыстағына кіретін 85 мың 700 бас шартты мал басына, жоспар бойынша 161,5 мың тонна мал азығын дайындау жоспарланды.
Қазіргі таңда аудан бойынша 404,4 мың га шабындық жер шабылып, одан 173,6 мың тонна өнім алынды. Бұл жоспардың 107,5% құрап отыр. Өткен жылдан қалған 25,6 мың тонна мал азығын қосқанда барлығы 123,3 пайызды құрады. Мал азығына қосымша 530 тонна сабан (салом) және 3,5 мың тонна жемдік азық дайындалды.
Егін ексең ерінбей…
Ағымдағы жылы тұрғындар және шаруашылық құрылымдарымен картоп, бақша және көкөніс дақылдары 17,4 гектарға егіліп, 253,9 тонна өнім алынды.
Егін орудан басқа 2025 жылдың өніміне күзгі далалық жұмыстар бойынша 6 шаруашылық құрылымы 2 мың 706 гектар жерге күздік бидай егілді.
Шолақаңқаты ауылдық округінде орналасқан «Kazmeatindustry» ЖШС биыл 500 гектар жерге колумбиялық элиталық сортты күнбағыс егіп, бүгінгі күнге 350 тонна өнім алып отыр. Шығымдылығы – гектарына 7 центнер.
Инвестиция: елде болса, ерінге тиеді
Аудандағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2024 жылдың 1 қарашасына 6млрд. 516 млн.теңгені құрады. Бұл өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 175% өсіп отыр.
Есепті кезеңге аудан бойынша 1 538 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, бұл салада 2 261 жерлесіміз еңбек етуде.
деген аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов жобаларға тоқталды:
2024 жылға арналған агро өнеркәсіп кешенісаласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі жол картасы аясында «Берекет» шаруа қожалығы сүтті бағыттағы ірі қара малын 400 басқа дейін ұлғайтып, құны 1 млрд. теңге болатын сүт фермасын және сүт өнімдерін дайындайтын арнайы цех құрылысын жүргізуде. Сонымен қатар, құны 100 млн теңге болатын суармалы жерлерді суаруға арналған қондырғы сатып алды. «Нұрдаулет» ШҚ 280 млн теңгеге 800 басқа арналған мал бордақылау алаңын салуда.
Биылғы жылы құны 685,8 млн тг болатын 5 жоба жүзеге асып, 32 жаңа жұмыс орыны ашылды.
Атап айтар болсақ, құны 600 млн.тг болатын«Бұлан» шаруа қожалығының «Алан Tir Parking» автокемпингі, 80 млн.тг болатын «Нигметов Р» жеке кәсіпкерінің «Аққу» супермаркеті және құны 3,8 млн. тг құрайтын «Жайлауов.М» жеке кәсіпкерінің наубайхана құрылысы аяқталып, өз жұмыстарын бастап кетті. Жымпиты ауылының шұжық, лимонад өндірілежі.
2024 жылдың бүгінгі күніне ауданымыздың 200 шаруа қожалығына 502,7 млн теңге субсидия төленді. Сонымен қатар «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу»бағдарламасы бойынша 60 шаруа қожалыққа 426,7 млн теңге демеуқарды берілді. Биылғы жылы ауданның техника паркі 60 дана жаңа техникамен және ауыл шаруашылық агрегаттарымен толықты.
«Қазагроқаржы» АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалынан лизинг арқылы 49 шаруа қожалығы мен 5 ЖШС-не жалпы соммасы 1 млрд. 20 млн. теңгеге барлығы 121 ауыл шаруашылық техникасы алынды.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ БҚО филиалы арқылы өз ісін кеңейту бағытында «Іскер» бағдарламасы бойынша 2 шағын орта бизнес субъектісі жалпы соммасы 10,0 млн. теңгеге, «Агробизнес» бағдарламасы арқылы 14 шағын орта бизнес субъектілеріне жалпы соммасы 346,8 млн. теңге қолдау көрсетілді.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы 7 пайыздық мөлшерлемен 15 жеке кәсіпкер жалпы сомасы 400,0 млн.теңге несие алды.
Жалпы облысымыздағы барлық қаржы институттары арқылы ауданға несие ретінде тартылған инвестиция көлемі 85 кәсіпкер 1 777,6 млрд.теңгені құрап отыр.” - деді баяндамасына аудан әкімі.
Қоңдыкер Елеуов
Бауыржан Ширмединұлы