1.10.2025, 21:00
Оқылды: 105

Ірі кәсіпорын салығы Жәнібек ауданының бюджетін көбейтпек

Биыл мемлекет басшысы Қ.Тоқаев халыққа кезекті Жолдауында инвестиция тарту керектігін нақты айтқан болатын. Жолдауда еліміз үшін жаңа инвестициялық кезеңді бастау аса маңызды екенін, экономикамыздың жоғары технологиялық салаларына стратегиялық артықшылық беретінін және өңдеуші өнеркәсіп пен инновациялық секторларды бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік ашатыны айтылған.
image-01-10-25-07-15-2
Бүгін Жәнібек ауданы әкімі Тимур Шиниязов пен аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Таумұрат Ғұсманов Алматы қаласында тұратын жерлесіміз, аудандағы талай игі істерге атсалысып жүрген атымтай азамат, «Олжа» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы Сұлтан Неталиевпен арнайы барып кездесіп, аталған мемекемені ауданға тіркеу жөнінде келіссөздер жүргізді.
image-01-10-25-07-15-1
Келіссөздер нәтижесінде, мекемеден түскен салық аудан бюджетін көбейтетін болды. Түскен салық есебінен алдағы уақытта Жәнібек ауданында атқарылатын жұмыстарға үлкен қолдау болары сөзсіз. Қолдау көрсеткен жерлесімізге аудан Тимур Серікұлы ризашылығын білдіріп, Ғұмар Қараш бабамыздың үш томдық кітабын тарту етті.
Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале